Өскеменде 93 келіден астам есірткі жойылды

175

27 жастағы күдікті ұсталды.  

Өскеменде 93 келіден астам есірткі жойылды Фото: polisia.kz

Арнайы операция облыс прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жүзеге асырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы қала тұрғыны анықталды.

Тінту кезінде күдіктінің гаражынан есірткі сақталған қойма табылды. Онда өсімдік тектес зат салынған екі қорап, көлемі 120 литр болатын жартылай толтырылған алты пластик бөшке, сондай-ақ қалдықтары бар үш бөшке және буып-түюге арналған материалдар тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 93 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу