Өскеменде аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

1381

Алматы облысының тұрғыны Өскеменде қолдан есірткі жасап сатқан. 

Өскеменде аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Өскеменде Алматы облысының тұрғынынан "Альфа PVP" және "скорость" атты синтетикалық есірткі өнімдері тәркіленді. Күдіктінің қалада пәтер жалдап тұрғаны анықталып отыр.

"Жалдамалы пәтерді тінту кезінде 40 орам алқызыл, көк және ақ түсті ұнтақ табылды.  Есірткіден бөлек 41 дана көк, қара, жасыл түсті изолента, электронды таразы, 2 орама фольга тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген ұнтақтың 92,14  грамм "альфа-пирролидиновалерофенон" атты есірткі екенін дәлелденді. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі болып саналады", – делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Тергеу кезінде күдікті қылмысын мойындап, қаңтар айында Алматыдан Өскеменге келгенін, интернет арқылы сатып алған психотропты заттардан есірткі жасағанын мойындаған.  

"Қазір аталмыш азаматтың интернеттегі есірткі саудасына қатысы бар-жоғы анықталуда. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 297бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталмыш бапқа жаңа жылдан бері өзгеріс енгізілгенін ескерсек, күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін", – делінген ресми ақпаратта.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу