Өскеменде қайырымдылық марафоны өтеді

748

Өскеменде қайырымдылық марафоны өтеді

Бүкіл әлемде мамыр айының үшінші жексенбісінде ЖИТС дертінен қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтеді. Осыған орай 20 мамыр - жексенбі күні Өскеменде еске алу акциясы ұйымдастыралады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Шара ғасыр дертінен көз жұмғандарды еске алуға, АИТВ жұқпасын жұқтырғандар мен олардың туыстарына қолдау көрсетуге, қатерлі жұқпамен өмір сүретіндердің проблемаларына қоғамның назарын аударуға және осындай статусы барларға толеранттық танытуға бағытталған. Шара барысында қайырымдылық марафоны өтеді.

Акция аясында эксперсс-тестілеудің көмегімен өзіңнің статусыңды тегін анықтап алуға мүмкіндік беріледі. Жиналғандарға ақпараттық-ағарту бүктемелері таратылады. Қабанбай батыр мен Новаторв көшелерінің қиылысында басталған қайырымдылық марафоны Ертіс жағалауында жалғасады. Медициналық колледждің үгіт бригадасының қойылымы көрсетіліп, аспанға шарлар ұшырылады деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, облыста АИТВ жұқпасын жұқтырған екі мыңнан астам адам диспансерлік есепте тұр. ЖИТС дертінен бүгінгі күнге дейін 163 адам қайтыс болды. Қатерлі жұқпаны жұқтырғандардың дені 30 жасқа да толмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу