Өскеменде қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген әйелге сот үкімі шықты

184

Өскемен қаласында қаржы пирамидасын құрып, халықты 42 млн теңге шығынға батырған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өскеменде қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген әйелге сот үкімі шықты Фото: canva.com

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, С.есімді айыпталушы кеңсе ашып, өз қызметін жарнамалаған. Ол пайызсыз несие беру арқылы жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тиімді алуға жәрдемдесетіндігін айтып, клиент тартады. Бұған сенген адамдар ақшаларын беріп, әйел адам құрған кооперативпен келісім-шартқа отырған.

Алайда 19 адамның бірде біреуіне несие де берілмей, ақшалары да қайтарылмады. Осының салдарынан жәбірленушілерге 42 880 461 теңге материалдық залал келтірілген. 

"Сот шешімімен сотталушы кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - делінген ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу