Өскеменде қатты желден екі баланың үстіне аялдама құлады

633

Оқиға 27 маусым күні болған.

Өскеменде қатты желден екі баланың үстіне аялдама құлады

Қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, дауылдан электр сымы үзіліп, ағаштар құлаған. 

Өскеменде балалардың үстіне құлаған аялдамаға қызмет көрсететін мекемелер тексеріледі.

Сондай-ақ желден трамвайлар 3 бағытта уақытша қатынамады. Гагарин бульвары және Өтепов көшелеріндегі аялдама павильондары құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шекті. Қазіргі уақытта олар қалалық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетуде.

"Гагарин бульвары аялдамасына "ҚазӘлем" компаниясы, Өтепов аялдамасына "Таза Өскемен" мекемесі қызмет көрсетеді. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін екі мекемеде ішкі аудит жүргізіледі", – делінген Өскемен қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі таратқан ақпаратта.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалардың жағдайы орташа екенін айтты. 

"Балалардың жағдайы орташа. Қазір Өскемендегі Ана мен бала орталығында нейрохиургия және травмотология бөлімдерінде ем алуда. Біреуінің денесі көгерген, екіншісінің аяғы сынған", – дейді баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сол күні желдің екпіні 16 м/сек дейін жетіп, ағаштар құлаған.

Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу