Өскеменде кене шаққан бала жансақтау бөліміне түсті

898

Кене шаққанына біршама уақыт өтіп кеткендіктен, бала ауруханаға ауыр күйде жеткізілген.

Өскеменде кене шаққан бала жансақтау бөліміне түсті

Өскеменде жасөспірім кене шаққаннан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өскемен тұрғыны 16-27 сәуір аралығында Алматы облысында жарыста болған екен. Кене сол кезде, дәлірек айтсақ, 24 сәуір күні шаққан екен. Алайда жеткіншектің Өскеменге келгеннен кейін ғана басы ауырып, дене қызуы көтерілген.

"Энцефалит ауруын 10-20 күн аралығында байқауға болады. Біршама уақыт өтіп кеткендіктен, бала ауруханаға ауыр күйде жеткізілді. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Ол жерде толықтай медициналық көмек көрсетілді, сондай-ақ мидың ісінуінің алдын алу шаралары жасалды. Содан кейін ғана науқасты неврология бөліміне ауыстырдық. Кенеге қарсы гамма-глобулиннің курсы жалғаса береді. Бала ұзақ уақыт емделуі керек", – деп түсіндірді неврологиялық бөлімнің меңгерушісі Зайра Танабаева.

Мамандар кене шаққан жағдайда бірден дәрігерге жүгінуге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу