Өскеменде қоғамдық көлікте электронды билет енгізу уақыты кейінге шегерілді

814

Осы айдың соңында конкурстық құжаттамаға өзгерту енгізіледі.

Өскеменде қоғамдық көлікте электронды билет енгізу уақыты кейінге шегерілді

Өскемендегі қоғамдық көлікте электронды билеттерді енгізу уақыты тағы кейінге шегерілді. Бұл туралы қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Еркін Тұраров мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Анықталғандай, осы айдың соңында конкурстық құжаттамаға өзгерту енгізіліп, одан кейін ғана жобаны жүзеге асыру үшін конкурс жарияланбақ екен.

Қазір электронды билеттердің енгізілуіне мектептер дайындалып жатыр. Мектеп оқушыларының жолақысына жеңілдік берілу үшін барлық балалардың электронды фотосуреттері қажет екен.

Айта кетсек,электронды билет жүйесі бойынша қала тұрғындары арнайы жол жүру картасын пайдаланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу