Өскеменде көктайғаққа қарсы шашылған қоспадан аяқ киім бүлінуде

548

Тұрғындар қоспаның ішіне химиялық заттар қосылған деп күдіктенуде. 

Өскеменде көктайғаққа қарсы шашылған қоспадан аяқ киім бүлінуде Фото: inbusiness.kz

Өскемен қаласының тұрғындары көшедегі мұзды ерітуге қарсы шашылатын қоспаға шағымдануда. Айтуларынша, аяқ киім мен көлік дөңгелегі бүлініп жатыр екен.
Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының шағымы тарап жатыр. Онда коммуналдық қызметтердің қала көшелеріне шашатын қоспаның ішінде химиялық заттар қосылған деп күдіктенуде.

Ал, Өскемен қаласы әкімдігінің "Таза Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры жолға тек құм шашатындарын айтуда. 

- Көктайғақ болған кезде көшелерге құм шашамыз. Ешқандай химиялық реагент қолданбайбыз. Желіде жалған ақпарат тарап жатыр. Реагенттерді шашу – қомақты қаражатты талап етеді. Бір тонна реагенттің өзі 1,5 млн теңге тұрады. Ал қаланы түгел қамту үшін шамамен мыңға жуық тонна кетеді. Бізде мұндай ауқымды қаражат қарастырылмаған, - дейді кәсіпорнының директоры Асхат Тәженов.

Оның айтуынша, биылғы қыста қалада қар мол түсуде. Қаңтар айының басында Өскеменде кенет күн жылынып, сынап бағанасы +8 градусты көрсеткен. Сол кезде көшелерде құм мен еріген қар араласып кетті.
Айта кетейік, тұрғындар көшенің көпіршіген сабындай езілгенін айтуда. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу