Өскеменде көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр?

527

Дайындық жұмыстары алдымен ықшам аудандарда жүргізілді.

Өскеменде көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Биыл Өскемен қаласына қар қалың жауғандықтан көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары ерте басталған болатын. Осыған орай жауапты мекеме өкілдері шаһардағы су жолдарын тазартып жатыр.

Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары ең алдымен қаланың шетіндігі ықшам аудандарда жүргізілді.

- Бүгінгі күні Ахмер ауылындағы Омаров көшесінде арықты тереңдету және тазарту жұмыстары жүргізілді. Шмелев Лог кентінде, "Металлург-3" бақша қауымдастығында және 28 тұрғын ауданда да осындай жұмыстар өз мәресіне жетті. Жібек маталар комбинаты, Аблакетка, Промбаза, Согра, Куленов, Жыланды, Защита, Нефтебаза, Прохладный шағын аудандарында, Ахмер ауылында, Шығыс, Прудхоз кенттерінде арықтарды, Жуковский, Шешек, Бражинский жылғаларының арналарын тазарту қолға алынды, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қала аумағындағы өзендер мен жылғалардағы жағдай тұрақты. Су тасқынына қарсы кезеңге барлығы 75 арнайы техника, жеке құрамнан 120 адам және 20 тасымалданатын мотопомпа әзірленді. Жақын арада тағы осындай 10 мотопомпа сатып алу жоспарлануда.

- Бұдан бөлек, 5000 ыдыс-қап, 400 тонна құм, 70 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалды. Құтқарушылар халықты үй маңындағы аумақтарды қардан уақтылы тазартуға, арықтар мен жылғалардың арналарына қоқыс тастамауға шақыруда, - делінген хабарламада.

Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу