Өскеменде қоқыс өртейтін зауыт салынбайтын болды

1239

Өскемен қаласының аумағына қоқыс өртейтін зауыт салынбайды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Өскеменде қоқыс өртейтін зауыт салынбайтын болды

Бұл туралы бүгін қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желіде хабарлады.

Шаһар басшысының айтуынша, мұндай шешім тұрғындардың пікірі ескеріліп, қабылданған.

Қоқыс өртейтін зауыт салынады дегенді естіген экологтар да қарсылық танытқан болатын. Олар жаңа кәсіпорын салынса ауаға жыл сайын 100 тоннаға дейін зиянды қалдықтар тарайды деп, дабыл қақты.

Қауіпті дертке шалдықтыратын улы қоспалардың жаңадан оншақты түрі пайда болатынын айтып, бизнес нысанның құрылысына түбегейлі қарсы болды. Қарсылық танытушылар кәсіпорын қала сыртына салынсын деп, талап қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу