Өскеменде қолданысқа берілген жаңа үйдің тұрғындары әкімге шағым айтты

1311

Элиталық пәтер алып, қуаныштары қойнына сыймаған тұрғындар енді үйдің сапасына көңілі толмай отыр.

Өскеменде қолданысқа берілген жаңа үйдің тұрғындары әкімге шағым айтты

Өскемендегі Жібек жолы, 9 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа үйдің тұрғындары пәтерлердің сапасын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Жаңа баспанаға тұрғындар екі ай бұрын ғана қоныстанған. Сол кезде мердігер құрылыс мекемесі бұл үйдің мақтауын өткізген екен. Элиталық пәтер алып, қуаныштары қойнына сыймаған тұрғындар енді үйдің сапасына көңілі толмай отыр.

Өз шағымдарын олар әлеуметтік желіде жазып, облыс әкімі Даниал Ахметовке үндеу жариялады.

Айтуларынша, әйнектелген лоджия мен терезелерде саңылаулар бар, қабырғалар жұп-жұқа, оған қоса, арзан есіктер мен арзан сантехника орнатылған. Қоныстанғаннан кейін тұрғындар пәтерлеріндегі сантехника жарамсыз болғандықтан, ауыстыруға мәжбүр болыпты. 10 қабатты үйде лифтінің де қосылатын түрі жоқ. Тіпті, аулаға қоқыс тастайтын контейнерлер де қойылмаған.

"Әсіресе, үйдегі судың сапасы туралы ерекше айтып өту қажет. Тат басқан, жағымсыз иісі бар суды пайдаланып отырмыз. Онымен қоймай, бұл ауданды да, мына үйді де элиталыққа жатқызады", – деп жазады тұрғындар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу