Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы 3 адамға айыппұл салынды

474

Үш арызды да бір адам түсірген. 

Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы 3 адамға айыппұл салынды Фото: Shutterstock

Ол таңертең аулаға шығып, көліктерді видеоға түсіріп, тәртіп сақшыларына арызданып жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

– 102 арнасына осылай 3 арыз түсті. Көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияда осындай заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға жаппай айыппұл салу міндеті жоқ. Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымдары түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ, бұзушылық туралы дәлелдер (фото, видео) болуы тиіс, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тұрғын аудандарда қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көлік жүргізушілеріне заң бойынша 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу