Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік апаты болып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
YK-news порталының жазуынша, қайғылы оқиға 12 қарашада Өскемен – Винное тасжолының 9-шы шақырымында болған.
"Полицияның хабарлауынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан Subaru көлігі аударылып, соның салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", делінген хабарламада.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу