Қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, 2 шілдеден бастап қоғамдық көліктерде жол жүру ақысының сараланған тарифі енгізілді.
"Енді көлік картасы жоқ жолаушылар 90 теңге емес, 130 теңге төлеуі тиіс. 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар үшін билет бағасы қолма-қол ақшамен 65 теңгені құрайды. Ал көлік картасымен, мобильді қосымшалардағы QR-код арқылы төлейтін азаматтарға жолақы құны – 90 теңге, балаларға – 45 теңге. Көлік картасымен төлем жасау кезінде жеңілдік санатына жататын тұрғындар үшін жол жүру шарттары өзгеріссіз қалады", – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, қала бойынша көлік карталарын 50 сауда нүктесінен сатып алуға болады.