Өскемен қаласының көшелеріндегі, әсіресе Ертіс көпірі маңындағы көлік кептелісі мәселесі шешілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылы қалада екі ірі көлік айрығын салуға бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Жаңа жоба аясында Өскеменнің көлік жүйесінде стратегиялық рөл атқаратын Ертіс көпірінің екі жағында жол айрығы салынбақ.
"Біріншісі Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында болады. Екіншісі Жеңіс даңғылы, Славский жағалауы мен Пермитина көшелерін біріктіреді. Бұл жоба бойынша жұмыс басталып та кеткен еді, бірақ қаржы тапшылығына байланысты тоқтатылды", – деп хабарлады қала әкімдігінен.
Осылайша, қаладағы кептеліс жиі болатын жолдардың негізгі учаскелері қамтылып, автокөлік жүргізушілері жолдағы уақыттарын үнемдейді.
Жол айрықтарының құрылысы келесі жылы басталмақ.