Өскеменде көлік отқа оранды

477

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің неден шыққанын айтты.

Өскеменде көлік отқа оранды Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Өскеменнің көшелердің бірінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған.

Ведомство мәліметінше, 3 мамырда 1987 жылғы Volkswagen Golf көлігі Назарбаев даңғылы бойында уақытша тұрақта тұрған кезде өртенген.

- Мамандандырылған отрядтың өрт сөндіру бөлімшелері екі шаршы метр алаңдағы өртті жойды. Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсызда жұмыс істеу, қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы, - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу