Өскеменде көлік жуушы бастығының темір тұлпарын сатып жіберген

742

Айыпталушы азамат Семей қаласынан Өскеменге келіп, жаңағы көлік жуу орнына жұмысқа тұрыпты.

Өскеменде көлік жуушы бастығының темір тұлпарын сатып жіберген Фото: stan.kz

Өскеменде көлік жуатын орында істейтін азамат бастығының көлігін сатып жіберген. Әу баста басшысы оған сенім артып, көлікке қызығушылық танытып қоңырау шалған азаматтарға жауап беріп отыруды тапсырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Жеңіл ақша табуды көздеген айыпталушы Самар ауданынан хабарласқан адамға көлікті 350 мың теңгеге сатып жіберді. Бұны біліп қойған көлік иесінің арызынан соң автожуу жұмысшысына қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған, – делінген ШҚО соты баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратында.

Сот шешімімен сотталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу