Өскеменде коммуналдық төлемдер тым қымбат

655

Өскемен қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдердің тым қымбат екенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Atameken Business.    

Өскеменде коммуналдық төлемдер тым қымбат

Мәселен, орта есеппен алғанда бір отбасыдағы 4 адам тұтынған жылу мен су, электр энергиясына шамамен 18 000 теңге төлейді. Қажетті құрал-жабдықтардың қымбаттауына байланысты пәтер иелері кооперативтері де қызмет бағасын өсірген.

Мәжіліс энергия бағасын реттеуге мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді тарифтердің негізсіз өсуіне жол берілмеуі тиіс. Мұны спикер Нұрлан Нығматулин ерекше атап өтті. Оның айтуынша, аталмыш норманың жұмыс істейтінін қарапайым халық арадағы делдалдарды алып тастаған сәттен бастап көруі қажет. Яғни өнім бағасы түсуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу