Өскеменде көпірдің тіреуін су шайып кетті

414

Көпірді ұстап тұрған 9 тіреуіштің біреуі құлаған.  

Өскеменде көпірдің тіреуін су шайып кетті Фото: Өскемен қаласы ТКШ бөлімінен

Өскемендегі Кіші Айналма ауданында Үлбі арқылы өтетін көпір тіректерінің бірін су шайып кетті. Дәл қазір аталған бағытта көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек мәселені тұрғындар 2 қарашада байқаған. Кейін әкімдік қызметкерлері келген көрінеді. Қазір көпірдегі қозғалыс шектелді. Ал өндіріс аймағында жұмыс істейтін адамдар діттеген жерлеріне айналма жолмен жетіп жүр.

Белгілі болғандай көпірді ұстап тұрған 9 тіреуіштің біреуі құлаған. Бір бағанасыз қалған өткелдің енді қашан орнына келері белгісіз. Өзге ақпарат көздеріне сүйенсек көпірдің жолы осы жазда ғана жөнделген. Асфальтты ауыстыру үшін бюджеттен 20 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініпті.

Айта кетейік, Өскемен қаласы ТКШ бөліміне осы мәселе бойынша бірнеше сауал жолдадық. Өкінішке қарай сауалымызға толық жауап ала алмадық.

Ағымдағы жылдың сәуір айында көпірдегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол жұмыстарының тіректің құлауымен еш байланысы жоқ. Бұл учаскеде дереу жол қозғалысы жабылды. Тіреудің құлау себебі сумен ағып келген ағаштар бөгеліп қалған. Барлық көпірлер бойынша (оның ішінде жүріс бөлігі), барлық тіректер бойынша геодезиялық жұмыстарды жүргізуге тапсырма берілді. Сондай-ақ көпірде квадрокоптердің көмегімен көпірдің құрылымын тексеру жүргізілді. Нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды беріледі. Оның негізінде көпірдің көтергіш қабілетін қалпына келтіру бойынша техникалық шешімдер қабылданатын болады, - делінген  Өскемен қаласы ТКШ бөлімнің берген ақпаратында.

Айта кету керек, деректерге сүйенсек бұл Өскемендегі тозығы жеткен көпір 1987 жылдан бері бүлініп жатыр екен. Бұл жолы да қозғалысы шектелген аумақтың қашан ашылары әлі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу