Өскеменде әйел адам тоғызыншы қабаттан секірмек болған. Абырой болғанда құтқарушылар оны аман алып қалды.
Оқиға 25 сәуірде болған. Белгілі болғандай 34 жастағы әйел жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің 9 қабатынан секірмек болған.
- Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері балкон терезесінен аяғын төменге салбыратып отырған әйелді көреді. Дереу балкон астына "өмір кубы" деп аталатын жұмсақ қорғаныш құралын орнатты, - дейді ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сол уақытта құтқарушылардың басқа бір бөлігі автосаты арқылы көтеріліп, әйелді ұстап алды да ішке кіргізді.
Департаменттің жедел құтқару жасағының психологы әйелмен сөйлесіп көрді. Оның суицид жасауға ниеттенуіне күйеуімен арада болған жанжал себеп болған.