Өскеменде көпқабатты үйден шыққан өрттен екі бала ауруханаға жатқызылды

542

Үй иесі өрт кезінде үйден өз бетімен сыртқа шығып үлгерген.

Өскеменде көпқабатты үйден шыққан өрттен екі бала ауруханаға жатқызылды Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Өскеменде көпқабатты үйдің 12 - абатынан өрт шығып, тоғыз адам құтқарылды. Оның 4-і бала. Оқиға Славский атындағы жағалау көшесінде болған. 

Оқиға орнына жедел жеткен Өрт сөндіру бөлімшелері 9 тұрғынды құтқарған, оның 4-і бала. Сонымен қатар, 12-қабат деңгейінде автосатыны орнатқаннан кейін өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кіріскен. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруге жеке құрамның 35 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылыпты. Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құраған.

- Үй иесі өрт кезінде үйден  өз бетімен сыртқа шығып үлгерген. Көршілерінен көмек сұрап өрт сөндірушілерді шақырған. Өрттің алдын ала себептері-электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, - делінген ақпаратта.

"Апаттар медицинасы орталығы" мен Жедел жәрдем дәрігерлері тексеру жүргізген соң, түтінге уланған белгілері бар көрші пәтердегі 2009 және 2014 жылы туған 2 қыз бала ауруханаға жатқызылыпты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу