Өскеменде көпқабатты үйдің балконы опырылып түсті: Әйел адам зардап шекті

500

Әйел адам ауруханаға жеткізілген. 

Өскеменде көпқабатты үйдің балконы опырылып түсті: Әйел адам зардап шекті Фото: yk.news.kz

Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінің балконы әбіден ескіргендіктен адам салмағын көтере алмай опырылып түсті. Дәл сол кезде балконда әйел адам болған. 

Оқиға орынына жедел жеткен жедел жардем қызметкерлері зардап шегушіні ауруханаға жеткізді. 

Оқиға 18 мамыр күні сағат 15:30 шамасында Қазақстан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Үшінші қабаттағы балкон кенеттен қирап түсіп, сол уақытта балконда тұрған әйел жерге құлаған.

Абырой болғанда, ол аман қалды. Белгілі болғандай, сол сәтте үйде қаршадай бала қараусыз қалған.

- Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Ал баланы оқиға орнына жеткен туыстары алып кетті. Қазір әйелдің жағдайы жақсы, ол тексеруден өтіп жатыр. Денесінде сынық немесе басқа да ауыр жарақаттар жоқ", - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Өскемендегі ескі ғимараттардың қабырғалары қопсып, балкондары құлағалы тұрғаны туралы жергілікті әлеуметтік желілерде фото, видеолар тараған болатын.

Тіпті тұрғындар алаңдаушылық білдіріп, әкімдіктен желі арқылы көмек сұраған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу