Бұл туралы Өскемен қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Қалалық әкімдік жергілікті бюджет қаражаты есебінен касбеттері күрделі жөндеуге жататын үйлердің тізімін бекітті. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі", - делінген әкімдіктің редакцияның ресми сауалына берген жауабында.
Тізімге 21 көпқабатты үй енген. Екі мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын жүргізеді. "ВК-Регион Строй" ЖШС 8 үйдің қасбетін, ал "Ертіс Құрылыс" ЖШС 13 үйдің қасбетін жаңартпақ.
Тұрғын үй қатынастары бөлімі осы бағытта бұдан әрі де жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді. Әкімдік үш жылға арналған арнайы бағдарлама әзірлеген. Оның аясында 100 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін жаңарту көзделіп отыр.