Өскеменде көршісі 3 баланы өрттен аман алып қалды

506

Балалардың анасы жалын ішінен өз бетінше шығып үлгерді.  

Өскеменде көршісі 3 баланы өрттен аман алып қалды Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт шыққанда үйде үш бала мен анасы болған. Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін көрші бүлдіршіндерді аман-есен алып шыққан.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі Кәсіподақ көшесінде орналасқан жер үйде өрт шықты.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін көршісі Қайрат Шерепанов үйден 2, 4 және 5 жастағы үш баланы сыртқа алып шыққан. Олардың анасы да жалын ішінен өз бетінше шығып үлгерді.

- Көп ұзамай келген өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері жалпы ауданы 30 шаршы метр аумаққа жайылған қызыл жалынды өшірді. Жедел әрекеттің арқасында жалынның ары қарай таралуына жол берілмеді. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі - пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болған, - делінген ақпаратта.

Тілсіз жауды сөндіруге барлығы 4 техника мен 16 адам жұмылдырылған.

Айта кетейік, Қайрат Шерепанов "Өскемен-Водоканал" кәсіпорнында слесарь болып жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу