Өскеменде қала тұрғыны міндетті зейнетақы жарналарын аударғанымен, төлемі өзіне кері қайтарылған.
Оған жеке тұлғалардың деректер базасында төлеушінің "қайтыс болғаны" туралы ақпарат тіркелгені себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Құқық қорғаушы әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткен оқиғаны баяндады.
"Менің жағдайымды елестетіп көріңізші: Kaspi қосымшама менің қайтыс болғаным туралы жазбаша хабарлама келді. Мен қайтыс болыппын! Ол аздай, маған 7 000 теңге – зейнетақы қорына төлемім қайтарылды. Мұны қалай түмінуге болады?" - деп жазады құқық қорғаушы.
Өскемендік азамат кейіннен жағдайдың нақты себебін анықтап, нәтижесімен бөлісті.
"Қарапайым себеп те адамның жүрегін ұшырады екен. Бағдарламадан ақау шығыпты" - дейді өскемендік құқық қорғаушы.