Өскемен қаласында құқық қорғау қызметі орталығының ашылғанына бір ай да болған жоқ, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, 21 желтоқсанда ашылған орталықтың мамандары осы уақытқа дейін облыстың 200-ден астам тұрғынын қабылдапты.
Азаматтарға әр сала бойынша ақысыз негізде құқық қорғау қызметтері көрсетілді.
"Бұл жерде арыздар мен өтініштер жедел және сапалы түрде шешіледі. Негізінде тұрғындар азаматтық-құқықтық мәселелер, сот шешімінің орындалмауы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттері немесе әрекетсіздіктері жөнінде кеңес алу үшін жүгінеді", – дейді орталық қызметкерлері.
Еске сала кету керек, орталықтың негізгі міндеті – арыздарды жедел шешу, азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою.