Өскеменде күн жылынуына байланысты сырғанақтар мен мұз айдындары еріп кетті

380

Синоптиктер желтоқсан айындағы температура нормадан жоғары болатынын болжауда.

Өскеменде күн жылынуына байланысты сырғанақтар мен мұз айдындары еріп кетті Фото: YK-News

Өскеменде ауа райының жылынуына байланысты қарлар еріп, қалада көлшіктер пайда болған. Тіпті мұз айдындары еріп пішінін жоғалтуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты YK-News басылымына сілтеме жасап.

Осыған орай 28 желтоқсан күні қала көшелеріндегі көлшіктерді коммуналдық қызметтер соруға шықты. Ал Республика алаңындағы сырғанақ бұрынғы пішінін жоғалтқан. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның шығысында күн жылы болады. 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу