Өскеменде құрылысы аяқсыз қалған колледж ғимараты қала қарамағына өтті

1324

Жобаны басқарған білім және ғылым министрлігіндегі жауапты тұлға қазына қаржысына қол салып, сотталып кеткен. Осыдан соң колледж құрылысы да тоқтап қалған болатын.

Өскеменде құрылысы аяқсыз қалған колледж ғимараты қала қарамағына өтті

Өскеменде құрылысы 2013 жылы басталып, аяқсыз қалған көпсалалы колледж жергілікті әкімдіктің меншігіне беріледі, деп хабарлайды 24.kz.

Машина жасау бағытында мамандар даярлайтын оқу орнын салуға білім және ғылым министрлігі тапсырыс беріп, республикалық қазынадан 4 миллиард теңге бөлінген болатын. Бірнеше жатақхана және үш бөліктен тұратын оқу корпусы, кешенді 2 гараж құрылысы 80 процент аяқталған еді. Алайда жобаны сол кезде басқарған білім және ғылым министрлігіндегі жауапты тұлға қазына қаржысына қол салып, сотталып кеткен. Осыдан соң колледж құрылысы да тоқтап қалған.

Тоналған колледж ғимараты Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне өтетін болды. Енді қала әкімдігі мүлік бойынша түгендеу жүргізілген соң жоба жасмақ. Ол үшін 33 миллион теңге  бөлініді.

"Қазіргі кезде Өскемен қаласының әкімдігімен қалалық құрылыс бөліміне тапсырылды. Бұл құрылыс бөлімімен кешенді жұмыстар жоспарланған. Оның экспертизалық жұмысы аяқталғаннан кейін ғимаратты лингвистикалық орталық ету жоспарланған", – дейді Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу