Өскеменде квесттен өрт шықты

490

Ойынхана иесі өрт қауіпсіздігін сақтамаған.

Өскеменде квесттен өрт шықты

Бүгін түнгі сағат 01.00-де Өскемендегі Протазанов көшесінің тұрғындары "Ойыннан от шығады" деген мәтелдің тура мағынасындағы куәсі болды.  Жертөлесінен квест орналасқан көпқабатты үйден өрт шыққан.

"Квест ғимаратындағы өрт кезінде 27 тұрғын құтқарылды. Оның бесеуі бала", - деп жазады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мамандарының айтуынша, өрт кезінде ойынханада ешбір адам болмаған. Ал құтқарылған 27 адамның бәрі үстіңгі қабаттардың тұрғындары көрінеді. 

"Квест 2020 жылдың наурызынан бері істеп тұрған жоқ. Өрт сөндірушілер келгенде ағаш есік пен тұрмыстық техникалар жанып жатты.  Жалын 6 шаршы метр аумақты шарпып үлгеріпті. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр құрылғысын дұрыс қолданбау, квест бөлмелерді дұрыс орнатпау себеп болған", - деп жазылған ресми ақпаратта.

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу