Өскеменде қысқы дрифт бойынша Drift Battle қала кубогы өтеді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Дрифт – экстремалды-жылдамдықты автоспорттың бір түрі. Бұл сайыста көлік жүргізушісінің шеберлігі сынға түспек. Шабандоздарға қойылатын шарт – небір қиылыс пен қалтарыста рөлді емін-еркін басқарып, автомобильдің күшін, жылдамдығын бақылауда ұстау.
Сайысты ШҚО бойынша АвтоМото спорт федерациясы "Жауынгерлік классика" қоғамдастығымен бірлесіп өткізеді. Биылғы жарыстың жаңалығы – жұптық дрифт, яғни қысқы трассаға екі көлік қатар шығады.
Жарыс 23 ақпанға жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні көрермендерді межелі жерге жеткізетін арнайы таксилер жұмыс істейді.