Өскеменде лото-клубтан 1,4 млн теңге ұрланды

600

Өскемендік полицейлер лото-клубты тонап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.    

Өскеменде лото-клубтан 1,4 млн теңге ұрланды Фото: polisia.kz

Өскемен қаласы ПБ Ертіс аудандық бөлімінің "102" жедел арнасына ЖШС әкімшісінен хабарлама түскен. Ол түнгі уақытта бейтаныс жігіттің лотерея клубы кассасынан 1,4 млн теңгені ұрлап кеткенін айтқан.

Патрульдік полиция батальоны мен Ертіс полиция бөлімінің жедел тергеу тобы қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Ұлан ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде ер адам осы әрекетін мойындаған. Тәртіп сақшылары ұрланған ақшаны тәркілей алды, алайда толық көлемде емес.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу жүргізіле бастады. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ол 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу