Өскеменде мас жүргізуші жарық бағанасына соғылды

424

Daewoo автокөлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды.  

Өскеменде мас жүргізуші жарық бағанасына соғылды Фото: бейнеден скриншот

Өскеменде мас күйде көлік айдаған жүргізуші жарық бағанасына соғылды, деп жазады inbusiness.kz.

Жол-көлік оқиғасы Островский көшесінде болған.

"19 жастағы жүргізуші мас күйінде көлік тізгініне ие бола алмай, көше жарығының бағанасына соғылды", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу