Өскеменде мейрамхана өртенді

744

Зардап шеккендер жоқ. 

Өскеменде мейрамхана өртенді Фото: ҚР ТЖМ

Өскемен қаласында мейрамханада шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан көшесінде жеке тұрған бір қабатты мейрамхана өртенген. Хабар түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға болған жерге шұғыл барды. 

"Сағат 06.53-те оқшауланған тілсіз жау 07.49-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккен ешім жоқ. Өртпен күреске ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 9 техника жұмылдырылған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әзірге оттың неден шыққан белгісіз. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу