Өскеменде мектеп бухгалтерлері 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті

210

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Өскеменде мектеп бухгалтерлері 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті Фото: inbusiness.kz

Өскемен қаласындағы мектеп есепшілері 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Өскемендегі мектептің 2 есепшісіне қылмыстық істі қозғалды.

"Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының екі есепшісі алдын ала сөз байласып 120 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілікті", – деп хабарлады Антикордан. 

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, есепшілер бес жыл бойы өз шоттарына жоғарылатылған жалақы мен басқа да төлемдерді аударып отырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу