Өскеменде Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды

1160

Өскеменде Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен ШҚО-да болды. Сапар барысында ол облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге өңірде ашылған Ел Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының жұмысымен танысты, деп хабарлайды altaynews.kz.

Академия филиалы Өскемен қаласында Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай орталығын құру аясында ашылып отыр. Ол өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даму орталығына айналуға тиіс.

Орташа алғанда филиалда жыл сайын 2500 мемқызметші дайындықтан өтіп, біліктіліктерін арттырмақ. Сондай-ақ, филиал мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент сұрақтары бойынша кеңес беру қызметін ұсынады.

Танысу кезінде қонақтар филиал тыңдаушыларымен сұхбаттасты. Облыс әкімі филиалда заманауи оқу құралдары бар бірегей білім беру алаңнын құруға қолдау көрсетінін атап айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу