Өскеменде мұғалім оқушыға жәбір көрсеткені рас па?

505

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде жасөспірімнен ешқандай жарақат табылмады.

Өскеменде мұғалім оқушыға жәбір көрсеткені рас па? Фото: Turkystan.kz

Жуықта Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде оқушысы мұғалімнен жәбір көргенін айтып, полицияға шағымданған болатын. Артынша құзырлы органдар тексеру жүргізген. 

Оқытушы мен оқушы арасындағы кикілжің қаладағы №8 арнайы мектеп-интернатында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

9-сыныпта оқитын қыздың ата-анасы баласын мұғалімнің ұрып-соққанын айтып, полицияға шағымданды. Бұдан бөлек, ол дәл сол мектепте білім алатын ұлының мектеп аумағында ұстаздардың қарауынсыз жүргенде қолын сындырып алғанын жеткізген.

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, соттың-медициналық сараптамасына сәйкес жасөспірімнен ешқандай жарақат табылмапты.

- Мұғалімнің қызды соққаны расталмады. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде жасөспірімнен ешқандай жарақат табылмады. Бейнебақылау камераларының жазбасынан көрінгендей, мұғалім балаға ескерту жасады, бірақ қыз еш жауап бермей, ары қарай жүгіріп кеткен. Сол кезде педагог оның соңына түсіп, бұрымынан ұстады. Ал оқушы жауап ретінде мұғалімнің шашынан ұстаған, - дейді басқарма басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Айта кетейік, аталған жағдайдан кейін мұғалімге қатаң сөгіс берілген.Екінші оқиғаға қатысты да тексеру жүргізілді. Белгілі болғандай, оқушы доппен ойнап жүрген кезде құлап, жарақат алған.

- Мектепке бірден жедел жәрдем қызметкерлері шақыртылды. Олар баланы қаладағы Ана мен бала орталығына жеткізген. Ешкімнің кінәсі жоқ екенін баланың өзі де растады, - дейді Динара Шаухина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу