Алтай қаласынан кейін іле-шала Өскеменде де нан қымбаттап кетті, деп хабарлайды altaynews.kz.
Өскеменде қазір жоғары сұрыпты нан 90 теңгеден сатылып жатыр. Әзірше барлық дүкенде емес екен. Бірақ жақын арада басқа наубайшылар да нан бағасын көтермек.
Негізі нанның бағасы қаңтардан бері біртіндеп қымбаттап келеді. Ол кезде 85 теңгеге сатылған бір бөлке қазір 90 теңге болды. Оған ұн бағасының өсуі себеп болып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу