Өскеменде өгей балаларына зәбір көрсеткен ерлі-зайыпты қамқоршылықтан айырылды

135

Балалар осы күнге дейін лас жерде тұрып келген. 

Өскеменде өгей балаларына зәбір көрсеткен ерлі-зайыпты қамқоршылықтан айырылды Фото: видео скриншот

Өскеменде өгей балаларын ұрып-соқты деп айыпталған ерлі-зайыпты қамқоршылықтан айырылды. Ал қамқоршылық органы балалардың денесіндегі жарақат іздерін көре тұра, оларды өгей ата-анасына қайтарып берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті омбудсмен Серік Мизанбеков қамқоршылық органын балаларды зәбір көрген отбасыға қайтарып беріп, әрекетсіздікке жол берді деп айыптады. 

Биыл жазда балалар үйінен патронаттық отбасы асырап алған қыздың денесінен соққы іздері табылды. Ерлі-зайыпты қызбен бірге оның інісін де қамқоршылыққа алған. Қамқоршылық органы баланың денесіндегі жарқаттарды көре тұра оны асырап алған отбасына қайтарып берген. 

Бұл іске прокурорлар да кірісті. Олардың айтуынша, балалар осы күнге дейін лас жерде тұрып келген. Балалардың денесінен жарақаттан бөлек, күйік іздері мен түрлі гематомалар табылған. Сондай-ақ жасөспірімдердің тері ауруына шалдыққаны белгілі болды. 

Балалар қазір мемлекеттің қамқорлығында. Ал оларға зәбір көрсеткен ерлі-зайыпты қамқоршылық құқығынан айырылды. Прокурорлар балалардың жағдайын біле тұра әрекетсіздік танытқан қамқоршылық органдарының қызметкерлерін жауапқа тартылатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу