Өскеменде ойын терминалдары иелеріне қатысты сот процесі аяқталды

730

Өскеменде ойын терминалдары иелеріне қатысты сот процесі аяқталды

Өскеменде 20 шақты дүкенге ойын терминалдарын орналастырып, әжептәуір пайда көрген 4 күдіктіге қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

2016 жылдың 9 сәуірінде ҚР "Лотереялар туралы" туралы заңына өзгеріс енгізіліп, заң лицензия иелеріне алты ай уақыттың ішінде толықтай сыйақы қорын ойнатып, ұтқандарға ақшасын беруге міндеттелген. Яғни, алты айдан кейін лицензияның күші жойылған. Алайда сол жылдың қараша айына қарай, сотталушылар ойын терминалдарын жабудың орнына жұмыстарын "тың тыныспен" бастайды. Атап айтқанда, жігіттердің бірі ойын терминалдарын қоятын сауда нүктесін іздесе, екіншісі инкассация жұмысын іске асырған. Үшіншісі банктен шот ашып, сол күйі анықталмай кеткен адамның есебіне ойын бизнесінен түскен ақшаны аударып отырған. Ойын терминалына құныққан адамдар 200 теңгеден 20000 теңгеге дейін ақша салып, сан соқса, сотталушылар айтарлықтай пайда көрген. Біршама уақыт жұмыстары "қызып" тұрғанымен, осы жылдың шілдесінде төрт айыпталушыға сот алдында жауап беруге тура келді. Сотта айыпталушылардың төртеуі де тағылған айыптармен келісіп, кінәсін мойындау түрінде процессуалдық келісімге келді. Сот үкімімен олардың барлығына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу