Өскеменде орман хикаялары туралы жазбалар жарық көрді

956

Өскеменде орман хикаялары туралы жазбалар жарық көрді

Өскемен кітап орман хикаялары Қазақстан жаңалықтары Өскеменде тұратын қарапайым орманшы Алтай тауы туралы бірнеше кітапты жарыққа шығарды, деп хабарлайды 24.kz.

Владимир Фоминский орман шаруашылығында 40 жылдан астам еңбек етіп, зейнетке шыққан. Тек бір өзі 900 гектар жерге көшет еккен. Сол салада жүргенде көрген-білгені мен өмірде түйгенін топтастырып үш кітап етіп шығарды. Бірінші, екінші туындылары көркем әңгімелер болса, үшінші кітабы орманды баптау, сақтау туралы оқулық іспеттес. Владимир Фоминский бұл кітаптарда өзінің еңбек жолы арқылы орманшы мамандығының жауапкершілігі жайлы жазған. Жалпы еліміз бойынша орман қорының үштен төрт бөлігі Шығыс Қазақстанда өседі. Ол 1 жарым миллион гектар жерді алып жатыр. Ал тек осы өңірдің өзіне 750 орманшы жетіспейді екен.

"Мен бұл кітаптарда табиғаттың ерекшелгі мен ғажайып құбылысын және орманшылардың жұмыс кезінде тап болатын қызықтары мен қиыншылықтарын жаздым. Бұл қаладағы саябақта серуендеу емес қой. Өте қиын жұмыс саналады", - дейді Владимир Фоминский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу