Өскеменде өрт шыққан үйден 12 адам құтқарылды

238

Құтқарылғандардың сегізі – бала.

Өскеменде өрт шыққан үйден 12 адам  құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Өскемен қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, түтін басқан аймақтан 12 адам құтқарылды. Олардың сегізі – бала, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Момышұлы көшесінде орналасқан тұрғын үйдегі пәтерде болған. Онда жиналған заттар мен жиһаз жанған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, автосатының көмегімен түтін басқан аймақтан 12 адамды алып шықты.

Өрт қысқа уақыт ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу