Өскеменде өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды

770

Өскемен қаласында өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Облыстық төтенше жағдайлар департаменті.  

Өскеменде өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды

Бүгін сағат 07:41-де Славский атындағы жағалау көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

"12 қабатта орналасқан пәтердің лоджиясы өртенген. Оттегі маскасының көмегімен сол пәтерден екі адам құтқарылды. Оның ішінде, 1 бала бар. Сондай-ақ көпқабатты үйден 8 адам эвакуацияланып, "Вахта" көлігіне орналастырылды. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда", – делінген ақпаратта.

Көп ұзамай құтқарушылар жалпы ауданы 25 шаршы метрге жеткен қызыл жалынды толықтай ауыздықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу