Өскемен қаласында өрт сөндірушілер әйел мен оның баласын өрттен құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, Металлургтер көшесінде екі қабатты көппәтерлі үйдің 2-қабатындағы 3 бөлмелі пәтерден өрт шыққан. Қызыл жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған, жиһаз бен жеке заттар өртке оранған.
15 тұрғын пәтерлерінен өз бетінше шықты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ баллонын шығарып, көрші пәтерден әйел мен оның баласын құтқарды.
"Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, сондай-ақ электр жабдықтарының авариялық режимі", - делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті жоюға барлығы 4 бірлік техника, жеке құрамның 15 адамы қатысты.