Өскеменде өрттен бір адам көз жұмды

546

Ал бір әйел мен бала ауруханаға жеткізілген.

Өскеменде өрттен бір адам көз жұмды

Өскеменде жеке үйлердің бірінде өрт шығып, ер адам көз жұмды, әйел мен бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

Өрт үйдің ағаш қабырғасы мен төбесін де шарпыған.

Құтқарушылар көмегімен денесін күйік шалған 1988 жылғы әйел мен 2013 жылғы бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіру кезінде ер адамның денесі табылған.

ТЖД мәліметіне сүйенсек, өрт жайылған аумақ 15 шаршы метрге жетеді.

Алдын ала мәлімет бойынша,  өртке пешті немесе электрқұрылғысын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтамау себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу