Өскеменде өрттен бір бала қайтыс болды

1011

Өскеменде өрттен бір бала қайтыс болды

Өткен түнде Өскеменде өрт болып, үш бала мен олардың анасы зардап шекті. Алты жасар қыз 1,2,3 деңгейдегі күйік алып, Ана мен бала орталығына жатқызылды, алайда көп ұзамай көз жұмды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Үш баланы да өз күшімен алып шыққан 34 жастағы әйелдің аяқтарын термиялық күйік шалған. Алты жасар қыз ауруханада қайтыс болды, ал үш жасар ұлға иіс тиген Жаңа туған сәби де иіске уланып, ауруханаға түсті.

Өрт 9 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатында болған. Өрт сөндіру қызметін көршілер шақырған, өрт сөндірушілер келгенде балалар бөлмесінің жиһазы, есіктер мен тұрмыстық техника өртеніп жатты. Тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарынан 4 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

ТЖД ақпаратына сүйенсек, ұйықтар алдында пәтер иесі балалар бөлмесіне электржылытқышты қосып кеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу