Осыдан жарты жыл бұрын Өскеменде ағаш ойыншық жасайтын отандық өндіріс орны ашылған болатын. Қазір ол толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын басшысы Дмитрий Пекалов отандық өніммен Шығыс Қазақстанды ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірін қамтып отырғанын айтады.
"Біз ағаштардың сапасына мән береміз. Бұл үшін Ресейдің 6 зауытынан алынған өнімдерді пайдаланамыз. Ағаштың қос беті де тегіс болуы керек. Соның арқасында ойыншықтар қауіпсіз әрі экологиялық таза болып шығады. Біз әр ойыншықты бірнеше мәрте тексеріп барып нарыққа шығарамыз. Баланың қиялын дамытып, көкжиегін кеңейтуге арналған ойыншықтарды жасап шығару оңай емес. Дегенмен нәтижеміз жақсы. Қыздарды ағаш қуыршақтарға қызығады, ал ұлдар көлік жөндеу орталықтарын құрастырып қана қоймай, жол белгілерін толық меңгереді, – деді ол.