Өскеменде пара алған полицей 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді

256

Өскемен қаласында пара алған полиция қызметкері 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өскеменде пара алған полицей 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді Фото: видеодан алынған кадр

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицей айып тұрағына қойылған автокөліктерді қабылдау-тапсыру актілерін және алуға рұқсаттарды заңсыз бергені үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді. Істі жеңілдететін мән-жай ретінде оның қарауында кәмелетке толмаған балаларының бары да ескерілді.

"Сот шешімімен полиция қызметкеріне 3 500 000 теңге айыппұл салынды. Ол полиция подполковнигі шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу