Өскеменде пәтер саламыз деп 1,8 млрд жымқырғандар ұсталды

252

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өскеменде пәтер саламыз деп 1,8 млрд жымқырғандар ұсталды Фото: ҚМА

Қаржы мониторингтік агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар көпқабатты тұрғын үй кешенін салу сылтауымен 1,8 млрд теңге қаражатын жымқырған.

Тергеу барысында Өскемен қаласында екі күдікті құрылысқа қатысуға арналған жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдағаны анықталды. Мерзімдер бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.

Компаниялар үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағандықтан заң талаптарын бұзған.

Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына тоғытылды.

"Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккендерге қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды. ҚМА азаматтарды үлестік құрылысқа қатысушылардың ақшалай қаражатын, ресурстарын және материалдық-техникалық базасын тартуға тиісті рұқсат құжаттары жоқ компанияларға ақша қаражатын салмауға шақырады", – делінген хабарламада.

Егер экономикалық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм-ботына хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу