Өскеменде пәтерден өрт шығып, 7 адам қауіпсіз жерге шығарылды

237

Оның ішінде екі бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өскеменде пәтерден өрт шығып, 7 адам қауіпсіз жерге шығарылды Фото: видео скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатында орналасқан пәтердің балконынан өрт шыққан.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар 4 ш.м. алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. 

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу