Өскеменде полицейлер жалған алкогольдік сусындардың партиясын анықтаған

609

Енді жеке кәсіпкер айыппұл төлейді. 

Өскеменде полицейлер жалған алкогольдік сусындардың партиясын анықтаған

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері контрафактілік алкоголь өнімдерін сатудың алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында Шығыс Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы дүкендердің бірінен 31 бөтелке алкогольдік өнімдерді тәркіледі.

Өнімдерді тексеру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды таңбалау стандарттары мен ережелеріне сәйкес тіркеу-бақылау таңбаларымен сәйкессіздігі байқалды. Бұдан әрі акциздік таңбалар ТБТ ақпаратын оқудың сертификатталған жүйесін пайдалана отырып тексерілді, оның барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ҚГД акциздік таңбалар дерекқорында кодтардың жоқтығы анықталды.

Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 283-бабының 2-бөлігінде (Акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы) акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, сондай-ақ алкоголь өнімін өткізуге лицензиядан айырумен 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу